Алексей Ни өмір бойына бапкерліктен шеттетілді

Алексей Ни өмір бойына бапкерліктен шеттетілді
Басқа

wfrk.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни спорттық мансабын мәңгілікке тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Bassport.kz

Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) Ниге өмір бойына жаттықтырудан шеттету туралы шешім шығарды.

Бұл шешім бірқатар спортшылардың допинг сынақтарында оң нәтиже көрсетуімен байланысты. Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимов секілді танымал ауыр атлеттер допинг ережелерін бұзғаннан кейін, бас бапкер ретінде Ни де жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, құраманың аға бапкері болған Виктор Ни төрт жылға спорттан шеттетілді.