Хасан Касымбаев ММА жауынгерін ұрып-соғуға қатысы бар деп күдікке ілінді
Басқа
Х. Қасымбаев әлеуметтік желісінен
Таңертең полиция Касымбаевтың ұсталғанын растады.
Оны ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп санайды. Хасан Касымбаевтың үш жыл бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінуде.
“Орда” ақпарат көзіне сәйкес, сөз 2021 жылдың жазында Талғарда орын алған атышулы шабуыл туралы болуы мүмкін.
«2021 жылдың маусым айында А. есімді азаматты қасақана ауыр жарақаттау және ұрлау күдігі бойынша бес күдікті ұсталды. Оларды Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты соттады. Қазір олар жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр», – деп хабарлады ПД.
Мәліметтерге сүйенсек, бұл ММА жаттықтырушысы және жауынгері Арман Әлімовке жасалған шабуыл болуы мүмкін.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, 2021 жылы Хасан Касымбаев бұл істе куәгер ретінде өткен.