Қазақстан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында медальдар есебінде жеңімпаз атанды
Бокс
ҚБФ
25 мүмкін болған салмақ дәрежесінің 17-сінде (6 алтын, 1 күміс, 10 қола) медаль жеңіп алған Қазақстан Будвадағы додада 73 елдің ішінен үздік шықты. Жалпы есепте 27 ел медальға ие болды.
Медальдар саны бойынша көш бастағандар:
Қазақстан - 6 алтын, 1 күміс, 10 қола
Өзбекстан - 5 алтын, 5 күміс, 3 қола
Ресей - 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
Қытай - 3 алтын, 3 күміс, 4 қола
Ерлер арасында бірінші орын Өзбекстанға бұйырды – 5 алтын. Қазақстан 4 алтынмен екінші орында, ал Ресей 3 алтынмен үшінші орында.
Әйелдер арасында Қытай 3 алтынмен көш бастады. Қазақстан мен Ресей алғашқы үштікті түйіндеді.
Чемпионаттың үздік боксшысы - Торехан Сабырхан.
Айта кетейік, бұл турнир Қазақстан үшін IBA эгидасындағы соңғы жарыс болуы мүмкін.