Қазақстан қоржынында үшінші алтын
Бокс
ҚБФ
Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында 81 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Аружан Зейнуллаева әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz
Финалда өзбекстандық Рухшон Паприевамен кездескен Аружан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Төрехан Сабырхан (67 кг) және Санжарәлі Бегалиев (75 кг) финалда жеңіске жетіп, алтын медаль еншілеген еді.