Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 0:8 есебімен жеңіліп қалды
icehockey.kz
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Азия чемпионатында кезекті ірі жеңіліске ұшырап, алтын медальға талас мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Bassport.kz
Екінші турда Бейжіңде өткен ойында Қазақстан құрамасы Жапонияға қарсы ойнап, 0:8 есебімен жеңіліске ұшырады.
Есеп:
1:0 - 01:05 - Сато (Норо, Кояма)
2:0 - 03:44 - Норо (Сато)
3:0 - 22:58 - Куросу (Еномото)
4:0 - 23:52 - Ямашита (Секи)
5:0 - 32:47 - Укита (Кояма, Норо)
6:0 - 44:39 - Норо (Укита, Кишибе)
7:0 - 53:48 - Маеда (Ваджима, Кишибе)
8:0 - 58:55 - Кишибе (Еномота, Куросу)
Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына бес-ақ рет соққы жасаса, жапондар 55 рет соққы жасады. Осы жеңістен кейін жапондар 20:0 гол айырмасымен және алты ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Оларды екінші турдың қорытындысы бойынша қытайлықтар қуып жетуі мүмкін, олар кейінірек Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Қазақстан құрамасы әзірге ұпайсыз және 0:13 гол айырмасымен соңғы орында тұр. Естеріңізге сала кетейік, бірінші турда қазақстандықтар Қытайдан 0:5 есебімен ұтылған еді.