Бұрынғы «Челси» футболшысы «Шахтердің» бас бапкері атанды

Бұрынғы «Челси» футболшысы «Шахтердің» бас бапкері атанды
Футбол

Матч ТВ

ЦСКА мен «Челси» клубтарының бұрынғы футболшысы Иржи Ярошик «Шахтер» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Чехияның танымал бұрынғы футболшысы Иржи Ярошик қарағандылық «Шахтер» командасының тізгінін ұстады.
Бүгін ол жаңа бапкер ретінде таныстырылды.

Ярошик «Спарта» (Прага), ресейлік ЦСКА және лондондық «Челси» клубтарында өнер көрсеткен. Бапкер ретінде ол «Спарта», «Слован», «Теплице» және ресейлік «Оренбург» командаларында жұмыс атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін «кеншілердің» жаңа директоры қызметіне Талғат Дүсеков тағайындалды.