Джокович ATP қоытынды турниріне қатыспайды
Джоковичтің инстаграм парақшасынан
Сербиялық теннисші Новак Джокович жарақатына байланысты Туринде өтетін ATP қорытынды турниріне қатыса алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Туринде өтетін қорытынды турнирге іріктелу – үлкен мәртебе. Мен ол жерде өнер көрсету мүмкіндігін асыға күтіп жүр едім, бірақ жарақатым салдарынан келесі аптада ойнай алмаймын. Мені көргісі келгендерден кешірім сұраймын. Барлық ойыншыларға керемет турнир тілеймін. Жақын арада кездескенше!» – деп жазды Джокович өзінің әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, бұған дейін сербиялық спортшы 28 қазан мен 3 қараша аралығында өткен Париждегі «мастерс» турниріне қатыспады. Жаңартылған ATP рейтингінде Джокович төртінші орыннан бесінші орынға түсіп қалды, оны ресейлік Даниил Медведев басып озды.