«Қызылжар» 10 ойыншымен жүрген «Шахтерді» жеңе алмады
Футбол
ФК Шахтер
Қазақстан Премьер Лигасының 24- туры аясында «Шахтер» өз алаңында «Қызылжармен» тең түсті, деп хабарлайды Bassport.kz
Ойынның 18-минутында «Қызылжар» сапынан Сенин Себай көзге түсті. 25-минутта қарағандылықтардың қорғаушысы Лайонел Адамс өрескел ереже бұзып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан қарағандылықтар 1-таймның соңына қарай есепті теңестірді. Гол авторы: Айбар Абдулла.
Кездесудің 60-минутында «Қызылжар» сапынан Ұлар Жақсыбаев көзге түскенімен, төреші голды есепке алмады. «Қызылжар» толассыз шабуыл жасағанымен есеп өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, қарағандылықтар чемпионаттың соңғы ойынын «Ақтөбеге» қарсы өткізсе, «Қызылжар» қызылордалықтар мен астаналық «Жеңіске» қарсы ойнайды.