Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: сайыстың бірінші күні қазақстандықтар үшін қалай өтті

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: сайыстың бірінші күні қазақстандықтар үшін қалай өтті
Бокс

Olymp.kz

Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Bassport.kz


63 келіге дейінгі салмақта Аружан Жанғабаева ресейлік Милана Дзугаеваны жеңіп, келесі кезеңге өтті. Сонымен қатар, 60 келіге дейінгі салмақта Алексей Хаванцев қырғызстандық Алихан Майранбековтен басым түсіп, турнирді сәтті бастады.


Алайда, 86 келіге дейінгі салмақтағы Бақытжан Айтмұханов өзінің алғашқы жекпе-жегінде беларусьтік Андрей Румянцевтен ұтылып, жарыстан шығып қалды.


Тағы бір сәтті нәтиже 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Толғанай Қасымханнан келді, ол венесуэлалық Мена Юлиді жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.