Билли Джин Кинг: Қазақстан командасының құрамы жарияланды

Билли Джин Кинг: Қазақстан командасының құрамы жарияланды
Теннис

Olympic.kz

Теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогі аясында Кореяға қарсы кездеуге ұлттық құраманың ойыншылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып.


Ұлттық құрама сапына Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева сынды спортшылар шақырту алды.


Айта кетейік, кездесу Астана қаласында орналасқан Beeline Arena теннис орталығында 16-17 қараша күндері өтеді.