Supernovas және ҚФФ-тің бірлескен бастамасы: «D» санатты футбол жаттықтырушы лицензиясын алуға арналған онлайн-курс ашады

Supernovas және ҚФФ-тің бірлескен бастамасы: «D» санатты футбол жаттықтырушы лицензиясын алуға арналған онлайн-курс ашады
Футбол

Olympic.kz

Supernovas by inDrive Қазақстан Футбол Федерациясымен бірлесіп, «D» санатты футбол жаттықтырушысының лицензиясын алу үшін тегін онлайн-курс ашады, деп хабарлайды Bassport.kz


Бұл бастама кез келген адамға жаттықтырушы қызметінің негізгі қағидаларын үйренуге және балалармен жұмыс істеуге қажет дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.


Курс нәтижелері бойынша сертификат алған қатысушылар аймақтық футбол қауымдастықтары ұйымдастырған қорытынды тестілеуден өтіп, білімін растауға мүмкіндік алады. Емтиханды сәтті тапсырғандар «D» санатты ресми лицензияны алып, кәсіби жаттықтырушы ретінде мансапқа жол ашады.


Аталмыш курс кез келген адамға қолжетімді, тегін ұсынылады. Курстың тағы бір ерекшелігі, интернет қосулы болса кез келген жерде,  өзіңізге ыңғайлы уақытта оқуға болады. 


Supernovas жобасының жетекшісі Анна Федорчук:

«inDrive-тің арқасында Supernovas бағдарламасы қазір 7 елде жұмыс істейді және 3500-ден астам баланы біз оқытқан жаттықтырушылар жаттықтырып жүр.  Біз осы білім мен дағдыларды футбол үйрететін барлық жаттықтырушылармен бөліскіміз келеді. Қазақстан Футбол Федерациясына осы идеяны қолдап, сенім артқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз»




«inDrive-пен серіктестік еліміздегі жаттықтырушылардың дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл курс – Қазақстандағы футболды дамыту жолындағы маңызды қадам және ол тәжірибелі жаттықтырушыларға да, жаңадан бастаған мамандарға да қажет болатынына сенімдіміз», - деп пікір білдірді Қазақстан Футбол Федерациясының бас хатшысы - Андрей Дудин


Supernovas –  шағын қалалар мен шалғай елді мекендердегі балаларға футболды тегін үйрену мүмкіндігін ұсынатын жоба. Жоба балаларға қауіпсіз және жайлы орта құруға ықпал етіп, сондай-ақ адалдық, теңдік және өзгелерге құрмет сынды құндылықтарды насихаттайды. Осылайша  қоғамға оң әсер етіп, олардың бірлігі мен спортқа деген сүйіспеншілігін арттырады.