Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды
Теннис
ҚТФ
Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол финалда әлемнің 118-ракеткасы, канадалық теннисші Габриэль Диалломен кездесті.
Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.
Карен Хачанов матч кезінде алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Ал канадалық Габриэль Диалло жеті эйс пен алты брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.