Орталық Азия бойынша Үстел теннисі одағының вице-президенті қайта сайланды

Орталық Азия бойынша Үстел теннисі одағының вице-президенті қайта сайланды
Басқа

ҰОК

Қазақстан үстел теннисі федерациясының басшысы Данияр Абулғазин Азия үстел теннисі одағының (АTTU) вице-президенті болып қайта сайланды. Bad sport.kz бұл туралы ҚҮТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Дауыс беру бүгін, 12 қазанда ATTU Бас Ассамблеясының аясында Астанада өтті. Жиын қатысушылары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Айта кетелік, Данияр Абулғазин 2021 жылдан бері Орталық Азия бойынша вице-президенті. Енді ол аталған қызметті 2028 жылға дейін атқарады. Әріптестері соңғы жылдары Қазақстанда үстел теннисі жақсы дамып жатқанын, оның ішінде халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылатынын және ел бойынша инфрақұрылымның дами түскенін атап өтті. Ұйымдастырудағы жоғары деңгейден бөлек Қазақстанның спорттағы жетістіктері де Бас Ассамблея қатысушыларының назарын аударды. 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы Кирилл Герасименконың өнер көрсетуі мен жастар арасындағы чемпионаттағы Алан Құрманғалиевтің жеңісі де атап өтілді.