Елена Рыбакина WTA рейтингінде төмен сырғыды

Елена Рыбакина WTA рейтингінде төмен сырғыды
Теннис

ҚТФ

Бүгін, 7 қазанда Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ойыншылардың жаңартылған рейтингін жариялады, Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швентек болып қала береді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева рейтингіде үш позицияға төмендеп, 35-орынға жайғасты.