Қуат Хамитов бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Қуат Хамитов бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді
Жекпе-жек

Ашық дереккөз

Аралас жекпе-жекте соңғы кездесулерінде жеңілген танымал файтер Қуат Хамитов қыркүйек айында кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізген болатын. Енді ол шаршы алаңға тағы шығып көрмекші. Ол ресейлік Мариф Пираевпен кездеседі. Bassport.kz бұл туралы All Stars Boxing Instagram парақшасына сілтемк жасап хабарлайдф. 

Жекпе-жек 27 желтоқсанда Алматыда өтеді. Мариф Пираев бұл жаңалыққа «Қасқыр желтоқсанда қалада болады» деп жауап қатты. Бір қызығы, Пираев пен Хамитов 2021 жылдың қыркүйегінде октагонда кездескен. Ол кезде ресейлік файтер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы екеуі бокс ережесімен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Қуат Хамитов қыркүйектің соңында Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде аралас жекпе-жек шебері Нұрберген Шәріповпен рингке шығып, жеңген болатын.