«Ордабасы» командасы «Қызыл-Жарды» жеңіп, чемпиондыққа жақындай түсті

«Ордабасы» командасы «Қызыл-Жарды» жеңіп, чемпиондыққа жақындай түсті
Футбол

Ордабасы ФК

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІІ турында Семейдің «Елімай» командасы сырт алаңда талдықорғандық «Жетісудан» жеңіліп қалды. Ал «Ордабасы» Петропавлда жергілікті «Қызылжар» командасын минималды есеппен жеңді. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жүлделі орыннан дәмелі семейлік клуб қазіргі уақытта турнирлік кестеде үздік үштікті түйіндеп тұр. Әлі де бас жүлдеге таласатын мүмкіндігі бар. Дегенмен бүгін олар Талдықорғанның «Жетісуынан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесудің фавориті саналған ұжым түзде ұпай жоғалтып, жағдайын біршама қиындатып алды. Чемпиондықтан басты үміткер Шымкенттің «Ордабасы» клубы екінші жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінуге жақын. Петропавлда жергілікті «Қызылжар» клубымен кездескен олар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде турнир кестесінде 39 ұпаймен қарсыластарынан ұзай түсті. Енді аталған турдағы қалған үш ойын ертең өтеді. 16:00-де «Ақтөбе» мен «Қайрат» (Алматы), «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Жеңіс» (Астана) пен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығып, кім мықтыны анықтайды. Ал, аталған турдағы «Астана» мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі 16 қазанға шегерілді.