Алматыда дзюдодан Азия чемпионын пышақтап кеткен

Алматыда дзюдодан Азия чемпионын пышақтап кеткен
Жекпе-жек

Prosports.kz

Алматыда дзюдодан Азия чемпионын пышақтап кеткен. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы полициясы спортшы Дамир Исахановқа жасалған шабуылға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде шықты.

Таратылған хабарламада Алматыда бірнеше адам «дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановты өлтірмек болған» делінген. Пышақ соққыларының бірі жүрегіне жақын тұсқа тиген. Спортшы аман қалған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, күдікті полицияға жеткізілді Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада. 

Дамир Исаханов – Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан.