Қазақстан құрамасының бас бапкері Аустрия және Словенияға қарсы ойынға қатысатын құрамды жариялады
ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасының қазан айында өтетін Аустрия және Словенияға қарсы ойындарға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бас бапкер Станислав Черчесовтің шешімімен нақты тізімге 28 футболшы енгізілді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-ына дейін жалғасады.
Ойыншылардың толық тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Аслан Дарабаев («Елімай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей).
Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы қазан айында UEFA Ұлттар лигасы аясында 10 қазанда сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.
Одан кейін 13 қазанда біздің құрама Словенияны қабылдайды. Кездесу Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.