«Президент сайлауына қатысамын»: Қуат Хамитов алдағы жоспары туралы айтты

«Президент сайлауына қатысамын»: Қуат Хамитов алдағы жоспары туралы айтты
Жекпе-жек

esquire.kz

Танымал қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында спорттық мансабын аяқтағаннан кейін саясатта бағын сынап көргісі келетінін мәлімдеді.

«Мен бес жылдан кейін спорттық мансабымды аяқтаған соң, мүмкін депутат болармын. Одан кейін он жылдан соң, бәлкім, президент болуды қалайтын шығармын. Депутаттардың ештеңе өзгертпейтінін, олардың ешнәрсе істей алмайтынын көріп жүрмін. Депутат Ринат Зайытов менің жерлесім. Ол жалғыз өзі күресіп, қандай да бір мәселелерді көтеріп жүр, бірақ оған үнемі кедергілер жасалады. Сондықтан он жылдан кейін мені күтіңіздер, президент сайлауына қатысамын», - деді ол.

28 қыркүйекте Алматыда Қуат Хамитов кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Ол аралас жекпе-жек бойынша Нұрберген Шариповпен қолғап түйістіреді.