Шардаралық спортшылар найза лақтырудан ел чемпионатында топ жарды

Шардаралық спортшылар найза лақтырудан ел чемпионатында топ жарды
Басқа

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қарағанды қаласында қыркүйек айының 16-19 күндері найза лақтырудан 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Тартысты додада еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысып, шардаралық спортшылар 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді қоржынға салды. Атап айтар болсақ, Шадияр Құлатай мен Әйгерім Манасбай қос алтынды қанжығаларына байласа, Азамат Жаманбай мен Ұлболсын Есіркеп күміспен медаль алды. Ал, Данияр Оразбек мен Перизат Орынбасар үздік үштік қатарынан көрініп, аудан абыройын асқақтатты.