Астанада спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты басталды

Астанада спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты басталды
Басқа

ҚР Президенті орталығында 2024 ICPC World Finals - жыл сайын әлемнің үздік командалары қатысатын спорттық бағдарламалаудан студенттер арасындағы ең беделді жарыстың ашылу салтанаты өтті. Биыл 103 ел мен 3000 университет атынан сынға түсіп, аймақтық және ұлттық іріктеуден сүрінбей өткен 142 команда финалға шықты. Жарыста Қазақстан намысын елдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының бес командасы қорғайды. Бұл турнир Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі ІТ-хаб ретіндегі деңгейін арттыра түсуде маңызды рөл ойнайды.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев цифрландыру, ІТ саласын дамыту, жасанды интеллект пен инновацияларды ендіру мәселелеріне зор мән береді. Қазақстанда стартаптар қолдауға ие және алдыңғы қатарлы озық технологиялар енгізіліп жатыр, бізде ІТ-хабтар мен технологиялық орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі чемпионатта Қазақстан атынан елдің үздік техникалық ЖОО-ның бес командасы өнер көрсететін мақтан тұтамыз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, ICPC президенті Билл Паучер және Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин сөз сөйледі. Бағдат Мусин Федерацияның бір жарым жыл бұрын ғана өз жұмысын бастағанына қарамастан, осы уақыт ішінде ел бойынша көптеген жарыстар мен олимпиадалар өткізіп үлгергенін, ал ICPC-ге 20 жыл көлемінде қатысып келе жатқан қазақстандық студенттер жоғары жетістіктерге жетіп, алтын және қола жүлде еншілегенін атап өтті. 

Freedom Holding Corp. директоры Тимур Турлов өз сөзінде IT саласындағы интеграциялар мен халықаралық серіктестікке есігін ашып қоймай, әлем үздіктерімен бәсекелесуге және өзінің технологиялық өнімдерін дамытуға құлшынысы жоғары талантты жастары мол екенін дәлелдеп жүрген Қазақстан үшін 2024 ICPC World Finals-тың маңызды шара екенін айтты. Жарыстың халықаралық қонақтарының арасында 2024 ICPC World Finals демеушілері - Huawei және JetBrains компанияларының өкілдері бар.

Жарыстың ашылу салтанаты 15-20 қыркүйек күндері Астанада өтетін чемпионаттың бастауы болды. Біріншілік аясында қатысушыларды Huawei ұйымдастыратын ICPC Challenge, JetBrains және спорттық бағдарламалаудан экс әлем чемпиондары өткізетін blind-coding бойынша бірегей шеберлік сағаты, сондай-ақ өзге де шаралар күтіп тұр. 2024 ICPC World Finals чемпиондары 19 қыркүйек күні финалистер код арқылы алгоритмдік есептерді шешуге берілген бес сағаттық жарысты аяқтағаннан кейін, шектеулі уақыт жағдайында қателер мен дұрыс емес мүмкіндіктердің ең аз саны негізінде анықталады.