Дэвис кубогы: Қазақстан мен Дания арасында алғашқы ойын сенсациямен аяқталды
ҚТФ
Бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы теннистен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы аясында Дания командасымен кездесіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы матчта Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингіде 27-орында тұрған Александр Бублик өнер көрсетті. Кортта ол Эльмер Мёллермен күш сынасты. Даниялық теннисші рейтингіде 247-орында орналасқан. Алғашқы сет Бубликтің пайдасына шешілді, ол кездесудің анық фавориті болған еді. Алайда қарсыласы камбэк жасап, жеңіске жетті. Ойынның нәтижесі 1:6, 6:2, 6:2 есебімен Мёллердің пайдасына аяқталды. Осылайша, Қазақстан мен Дания арасындағы есеп – 0:1. Бүгін сондай-ақ Қазақстанның екінші нөмірлі теннисшісі Александр Шевченко өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұл матчтың жеңімпазы 2025 жылдың ақпанында өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.