Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы турнирде қарсыласына есе жіберді

Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы турнирде қарсыласына есе жіберді
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Турнирдің ширек финалында қазақстандық Гонконг өкілі Чак Вонгтан 6:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Матч 1 сағат 36 минутқа созылды.

Айта кетейік, жартылай финалда Вонг жапондық Шо Шимабукуромен ойнайды.