Шардаралық қолкүресшілер әлемді тағы бір мәрте мойындатты

Шардаралық қолкүресшілер әлемді тағы бір мәрте мойындатты
Басқа

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

2024 жылы тамыз айының 15-24 күндері аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен армрестлингтен 45-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

61 мемлекеттен 1 500-ден аса спортшы қатысқан әлемдік додада шардаралық спортшылар 20 алтын жүлдені қанжығаларына байлап,  Әнұранымызды 20 рет шырқатты. 

Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:

Жас-жеткіншектер арасында әлем чемпиондары:

1. Алдан Нұрсұлтан

2. Қали Текжігіт

3. Анвар Эльдар

4. Серік Ерсұлтан

5. Закирова Назым

Жасөспірімдер арасында әлем чемпиондары:

1. Есен Мейрамбек

2. Маманияз Жасурбек

3. Мелдебек Болат

4. Ибрагим Әділет

5. Оралбай Ұлжан

6. Абдулла Аружан

7. Оразхан Ырысты

Жастар арасында әлем чемпиондары:

1. Мухамбетов Ердаулет

2. Қали Қасымжомарт

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында әлем чемпионы:

1. Құралбаев Ұлықбек

Ересектер арасында әлем чемпиондары:

1. Нұрмахан Ердәулет

2. Зәрубек Санжар

3. Ерсайын Мейрамбек

4. Айдархан Нұрдаулет

5. Құттымұратов Медет

Бұдан бөлек шардаралықтар 16 күміс және 4 қола медальға қол жеткізіп, әлемдегі теңдессіз клуб екенін тағы да дәлелдеді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 52 алтын медальмен 1-орынға жайғасты.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы (ересектер арасында) жеңіп алған 8 алтынның 6 алтын медальін «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қанжығасына байлап, ерлер арасында жалпы есепте 1-орынды иеленді.