Рыбакина US Open турниріне киіп шығатын киім үлгісін көрсетті

Рыбакина US Open турниріне киіп шығатын киім үлгісін көрсетті
Теннис

yonex.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатына ойнауға арналған киім үлгісін көпке жария етті, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші осыған дейін Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінде өнер көрсетіп, үшінші айналымға шыға алмаған еді. Онда әлемнің 27-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеске жол берген болатын – 6:3, 6:7 (3:7), 4:6. Осы жеңіліске қарамастан, Рыбакина биыл WTA 1 000 жарыстарында виннерс санын 600-ден асырып, екінші орында келеді.

Алдағы АҚШ чемпионаты 26 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтеді. Өткен жылы мұнда америкалық Кори Гауфф үздік шыққан болатын.