Жібек Құламбаева ITF W35 турнирін жеңіспен бастады

Жібек Құламбаева ITF W35 турнирін жеңіспен бастады
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасындағы ITF W35 турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Құламбаева алғашқы айналымда жарыстың үшінші ракеткасы, бразилиялық Каролина Борер Мартинештен 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. 

Келесі айналымда Жібек испаниялық теннисші Виктория Гомеске қарсы ойнайды. Бұған дейін Құламбаева жұптық сынды да жеңіске жеткен болатын.