Қуат Хамитов алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді
Жекпе-жек

Спортшының жеке мұрағатынан

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кәсіпқой бокста дебют жасайды. Оның қарсыласы мен жекпе-жек күні анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

All Stars Boxing промоутерлік компаниясының мәліметінше, Қуат Хамитов 28 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – тағы бір қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов. Екі спортшы да алғаш рет бокс ережесі бойынша кездесу өткізбек. Бокс кешінің басты оқиғасы Данияр Елеусінов пен филиппіндік боксшы Джо Нойнай арасындағы жекпе-жек болады. Еске салайық, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын. Осылайша, Хамитов MMA-да тоғызыншы рет жеңілді. 36 жастағы қазақстандықтың активінде 24 жеңіс бар. Бір жекпе-жегі тең есеппен аяқталған.