«Тұран» командасы азулы «Атырауды» жеңді

 «Тұран» командасы азулы «Атырауды» жеңді
Футбол

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры өтті. Түркістанның «тұран» командасы соңғы кездері жеңілмей жүрген «Атырау» клубымен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сарапшылар бұл матчта атыраулықтар басым түседі деп болжаған. Бірақ түркістандықтар барлық мәселе жасыл алаңда шешілетінін дәлелдеді. Ойынның 14-минутында Цуцкич есеп ашып алаң иелерін алға шығарды. Ал 45-минутта Бен Чуг есепті еселейтін мүмкіндіктті мүлт кетірді. Ол пенальти соға алмады.

Екінші таймда атыраулықтар ойын тізгінін қолға алып жиі шабуылдады. «Тұран» сәтті қорғана отырып, қарымта шабуылдарға шықты. Кездесудің 96-минутында Вака есепті 2:0-ге жеткізді. Қонақтар соңғы секундтарда бір доппен жауап қайырып, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Осы маңызды жеңістен кейін «Тұран» ұпай санын 12-ге жеткізді.