Ауруханада жатқан Жәнібектің жағдайы белгілі болды

Ауруханада жатқан Жәнібектің жағдайы белгілі болды
Бокс

Спорт Шредингера арнасы

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан боксшының денсаулығы жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды BasSport.kz. 

– Құрметті ағайындар! Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз. Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық. Дегенмен өзге спортшылар секілді біз де салмақ қуу кезінде қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткеріп отырмыз. Оңай емес екен. Түнімен ауруханада болдық. Мұны да көру керек болған шығар. Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты. Денсаулық бірінші орында екенін білесіздер. Бұйыртса 2-3 айда қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз. Тілеулес жандарға мың алғыс. Ауырмаңыздар! Құрметпен, Qazaq style командасы, - деп жазды Берік Сұлтан. 

Бұған дейін боксшы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында есінен танып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.