Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп қалды

Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп қалды
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) салмақ қуу кезінде есінен танып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бұл туралы журналист, Talksport.com инсайдері Майкл Бенсон Х желісінде жазды.  

Салмақ қуу кезінде есінен танып қалған отандасымыз ауруханаға жеткізілген.