Чемпиондар лигасы: «Ордабасы» алғашқы ойында «Петрокубпен» тең түсті

Чемпиондар лигасы: «Ордабасы» алғашқы ойында «Петрокубпен» тең түсті
Футбол

Sports.kz

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын молдовалық «Петрокуб» командасына қарсы өткізген  «Ордабасы» жеңіске жете алмады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда жанкүйерлер 90 минут бойы гол көрмеді. Осылайша қос құрама тең тарқасты.  

Қарымта кездесу 17 шілдеде Молдовада өтеді.