ҚПЛ: «Қайрат» елордалық клубтан басым түсті

ҚПЛ: «Қайрат» елордалық клубтан басым түсті
Футбол

Vesti.kz

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІІІ турында елордалық «Астана» алматылық «Қайраттан» жеңіліп қалды, BasSport.kz. 

Кездесуде алдымен елордалық клубтың ойыншысы Кипрас Казуколовас гол соқты. Осылайша ол ойынның 28-минутында өз командасын есепте алға шығарды. Араға бір минут салып алматылық клуб сапынан 29-минутта Жоао Паулу таразы басын теңестірді. Қос команда бірінші таймада тең есеппен тарқасты. 

Алайда екінші таймда Кержаков жаттықтыратын команда футболшылары өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ. Олар шабуылда да, қорғаныста да сауатты ойнады. Матчтың 67-минутында Әділет Садыбеков гол соқты, ал, 95-минутта Дмитрий Сергеев ойынның нүктесін қойды. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

ҚПЛ-дың ХІІІ турындағы тағы бір кездесу Шымкентте өтті. «Ордабасы» командасы қызылордалық «Қайсарды» өз алаңында қабылдады.Тартысқа толы ойын 2:1 есебімен аяқталды. «Қайсар» сапынан Айбар Жақсылықов 7-минутта гол соқса, шымкенттік клуб ойыншылары Жасур Яхшобоев 53-минутта, Дембо Дарбо 84-минутта көзге түсті.