Түркістан: Бәйдібек ауданында мемлекеттік қызметшілер күніне орай спартакиада өтті

Түркістан: Бәйдібек ауданында мемлекеттік қызметшілер күніне орай спартакиада өтті
Басқа

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бәйдібек ауданында «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай аудандық спартакиада өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Сайыста мемлекеттік қызметшілер спорттың волейбол, гір тасын көтеру, стол теннисі және жүзуден өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынды аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер иеленді. Жүлделі 2-орынға аудандағы Ағыбет, Алғабас және Шаян ауылдық округтері әкімі аппараттарының құрама командасы ие болды. Ал, 3-орынды аудандық әкімдік аппараты мен аудандық прокуратура, мәслихат аппараты бөлімінің құрама командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар спорттық сайыста аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Ғалымжан Омаров - «Үздік ойыншы», Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әділет Амангелді - «Үздік шабуылшы», Бәйдібек аудандық статистика басқармасының бас маманы Өсербай Қыдырбаев - «Үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталды.

Жүлделі орынды иеленген барлық мемлекеттік қызметшіге арнайы дипломдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.