EURO-2024: Cловакия Бельгияны жеңіп, турнирдегі алғашқы сенсацияны тіркеді

EURO-2024: Cловакия Бельгияны жеңіп, турнирдегі алғашқы сенсацияны тіркеді
Футбол

Uefa.com

Биылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы сенсацияны Словакия құрамасы тіркеді. Франческо Кальцона жаттықтыратын құрама Бельгияны минималды есеппен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ойындағы жалғыз гол 7-минутта соғылды. Гол авторы – Иван Шранц. Одан кейін бельгиялықтар сапынан қос голмен көзге түскен Ромелу Лукакудың қуанышы ұзаққа созылмады. Бас төреші шабуылшының екі голын да есепке алмады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Румыния құрамасының Укриананы 3:0 есебімен ойсырата жеңгенін жазған болатынбыз.