EURO-2024: Румыния құрамасы Укриананы ірі есеппен жеңді

EURO-2024: Румыния құрамасы Укриананы ірі есеппен жеңді
Футбол

uefa.com

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі Румыния мен Украина құрамалары арасындағы матч күтпеген нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Е тобындағы алғашқы ойында румын футболшыларының мерейі үстем болды. Иорданеску жаттықтыратын құрама С.Ребров футболшыларын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Мюнхендегі кездесуде Николае Станчу алыс қашықтықтан гол соғып, құрамасын есепте алға шығарды. Ал, екінші тайм басында Рэзван Марин мен Денис Дрэгуш бір-бір голдан соғып, есепті үстемелей түсті. Румындардың басымдығымен өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, Е тобындағы екінші ойын Бельгия мен Словакия құрамалары арасында өтеді.