Рамазан Оразов – даниялық «Силькеборг» футболшысы
silkeborgif_officiel
Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық командаға ауысады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Дат клубы Оразовтың «Силькеборг» командасына ауысқанын ресми түрде мәлімдеді.
Оразов 2021 жылы «Ақтөбе» қатарын толықтырып, 2022 жылы ақ-қызылдармен бірге Қазақстанның күміс жүлдесіне ие болған еді. Қостанайлық «Тобыл» сапында да сәтті маусым өткізіп, еурокубоктық ойындарда тамаша ойынымен көзге түсті. Швейцариялық «Базель» командасына гол соғып, еуропалық скауттардың назарын өзіне аударды. Кейін словениялық «Копер» ойыншысы атанып, онда бір маусым өнер көрсеткеннен соң «Ақтөбеге» қайта оралды.
Рамазан Оразов «Силькеборг» клубына ресми түрде 26 маусым күні ауысады. Оған дейін «ақ-қызылдар» сапындағы барлық ойынға қатысады.