Нысана көздеуден қазақстандық спортшылар 7 медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден қазақстандық спортшылар 7 медаль жеңіп алды
Спорттық ату

Olympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Финляндияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде 7 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, отандастарымыз жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Зухра Ирназарова алтын мен күміс жүлдені еншілесе, Фатима Ирназарова күміс пен қола медаль иегері атанды. Ал, Александра Садуақасова алтын мен қоланы қанағат тұтса, Асадбек Нәзірқұлов алтын жүлдені қанжығасын байлады.