"Барыстың" жаңа маусымдағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Хоккей

Құрылықтық хоккей лигасы "Барыстың" жаңа маусымдағы алғашқы ойындарының өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Қазақстандық команда тұрақты чемпионатты өз айдынындағы ойындармен бастайды. Дэвида Немировскидің командасы 4 қыркүйекте "Нефтехимик", 6 қыркүйекте "Трактор" клубын қабылдаса, 9 қыркүйекте "Амурмен" кездеседі.

Айта кетейік, былтырғы маусым "Барыс" командасы үшін сәтсіз өтті. Олар Шығыс конференциясында соңғы орын алып, плей-оффқа шыға алмады.