Шымкенттегі ел чемпионатында жаңа рекорд тіркелді

Шымкенттегі ел чемпионатында жаңа рекорд тіркелді
Спорттық ату

Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде жаңа рекорд тіркелді.

10 метрге пневматикалық нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Елизавета Безрукова ел рекордын орнатты. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай иеленген.

Екінші орында Азия ойындарының жүлдегері Александра Ле.

Қазақстан біріншілігі 16 наурызға дейін жалғасады. Ел чемпионатына 163 спортшы қатысуда.