Отандық мерген Катар әмірінің жүлдесі үшін өткен жарыста көзге түсті

Отандық мерген Катар әмірінің жүлдесі үшін өткен жарыста көзге түсті
Спорттық ату

Сали Сабиров

Стенд атудан Катарда өтіп жатқан "Әмір Гран-приі" халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған Bassport.kz.

22 ақпанда Катар астанасы Дохада басталған жарыста әлемнің 30 мемлекетінен 300-ден аса спортшы бақ сынауда.

Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Оның біреуі - күміс, екеуі - қола жүлде.

"Трап" бағдарламасы бойынша өткен жекелей сында Мария Дмитриенко күміс медаль иеленді.

Ал жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдегер атанды.

Қазақстан атынан жалпы есебі 36 спортшы сынға түсіп жатыр.