Үшінші баспана: Париж Олимпиадасының күміс жүлдегеріне Алматыдан пәтер сыйлады

Үшінші баспана: Париж Олимпиадасының күміс жүлдегеріне Алматыдан пәтер сыйлады
Жеңіл атлетика

1bol.kz

Конституция күніне орай Алматыда №9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов марапатталды. Бұл туралы Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматының Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері қазақстандық спортшыға 2 бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

«Ең алдымен, меценаттарымызға, бизнесмен ағаларымызға маған екі бөлмелі пәтер сыйлағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Шындығында, мен мұндай сыйлық аламын деп күткен жоқпын. Бұл маған үлкен көмек болары сөзсіз. Мұндай сыйлық маған тынбай жаттығуыма, мықты бола мотивация береді. Алдағы төрт жылда алтын медаль алу үшін бар күшімді саламын», - деді Нариман Құрбанов.

Бұған дейін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Алматы қаласынан екі пәтер алған еді. Оның біреуін әкімдік, екіншісін демеушілер берген болатын.

Айта кетейік, жақында Нариман қазақ қызы Аида Бауыржановаға үйленеді. Тойлары қыркүйек айына жоспарланған.