Әйелдер күресі: үш қазақ балуаны жартылай финалға шықты

Әйелдер күресі: үш қазақ балуаны жартылай финалға шықты
Күрес

Күрес түрлерінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер күресінен үш қазақ балуаны жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

76  келідегі Жәмила Бақбергенова алдымен Қытайлық Тайпей, кейін Өзбекстан құрамасының балуандарын жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтіп отыр.50 келідегі Лаура Ғаниқызы мен 53 келідегі Жұлдыз Ешімова да жолдамаға таласады. 

Өкінішке қарай, Эмма Тисина (57 келі), Ирина Кузнецова (62 келі) және Елена Шалыгина (68 келі) турнирді аяқтады.