Қазақстанда Freedom QJ League жасөспірімдер футбол лигасының екінші маусымы басталады

Қазақстанда Freedom QJ League жасөспірімдер футбол лигасының екінші маусымы басталады
Басқа

Астанада Freedom QJ League екінші маусымының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.


QJ League іске қосылуы қазақстандық футболды дамыту үшін маңызды кезең болды, ал лиганың өзі қысқа мерзімде Ұлттық маңызы бар жобаға айналды. Бірінші маусымда Лига елдің 10 аймағынан 12 жасөспірімдер командасын қамтыды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Freedom QJ League Қазақстанның үздік спорт ұйымы болып танылды.


Екінші маусымда Лиганың географиясы кеңейді: 2024 жылы турнирге еліміздің 18 аймағының жасөспірімдер командалары қатысады. QJ League-ға барлығы 32 команда қатысады, олар екі жас санатында үш дивизионға бөлінеді. Жаңа маусымда QJ League аясында 320 матч жоспарланған. 


 QJ League 2025 жылға қарай кем дегенде тағы екі есе кеңейеді, сонымен қатар қыздар үшін бөлек лига құрылады деп жоспарлануда. Жарысқа 70-тен астам команда мен 3000 спортшы қатысады.  


Барлық қаржыландыруды Лиганың бас серіктесі - Freedom Holding Corp қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. 


 Сонымен қатар, лига бір орында тұрмайды және жаңа серіктестерді іздеуде. Біз әлемнің 210 еліндегі 22 мың қаржы институтын біріктіретін трансұлттық Қаржы Корпорациясы Mastercard халықаралық төлем жүйесімен демеушілік келісім жасасқаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. 


 Ынтымақтастық шеңберінде аптаның үздік голы үшін марапат Mastercard Goal of the Week деп аталады, сондай-ақ футболды танымал ету бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады. 


 Лиганың бірінші маусымының ойыншылары кәсіби футболда өздерін танытты: Мирас Уманиязов, Руслан Захаров, Ахметали Калтанов және басқалары өз командалары үшін сәтті дебют жасап, QFL Премьер-лигасы мен ел Кубогының алғашқы турларында нәтижелі іс-қимылдарымен ерекшеленді. 


 Айта кетейік, Тамерлан Агиманов, Димаш Серікұлы және басқалар Еуропаның жетекші лигаларында өз күштерін сынап көрді.  


Португалия Примейрасының «Жил Висенте» клубымен келісім-шартқа отырған Ілияс Абилді бөлек айта кеткен жөн. Сондай-ақ Дулат Талыспаев Данияның «Кёге» клубында ойнайды.