Шығыс Қазақстан волейболшылары топ жарды

Шығыс Қазақстан волейболшылары топ жарды
Волейбол

Өскеменде наурыздың 21-і мен 27-сі аралығында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті деп хабарлайды BasSport.kz.

Доп додасына 2009-2010 жылдары туған ұлдар мен 2007-2008 жылғы қыздар командалары қатысқан болатын. Аса тартысты өрбіген жарыс қорытындысы бойынша бұрымдылар арасындағы сайыста Шығыс Қазақстан облысының құрамасы топ жарса, екінші орынға Қостанай, үшінші орынға Павлодар облыстарының командалары ие болды.

Ал ұлдар бәсекесінде Жетісу облысының құрамасы тұғыр биігінен көрінсе, екінші орынға павлодарлық волейболшылар табан тіреді. Ал үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының командасы түйіндеді. Айта кетейік, дәл осы күндері Орал қаласында 2009-2010 жылдары туған қыздар арасындағы ел чемпионаты өткен болатын. 17 өңірдің командасы қатысқан турнирде спорттағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты-колледжінің командасы бірінші орынға ие болды.