Олимпиадалық рейтинг: дзюдошы Нұрқанат Серікбаев 12-орынға көтерілді

Олимпиадалық рейтинг: дзюдошы Нұрқанат Серікбаев 12-орынға көтерілді
Дзюдо

Дзюдодан Грузияда өткен Grand Slam турнирінен соң қазақ балуаны Нұрқанат Серікбаев олимпиадалық рейтингте жоғарылады, деп жазады Bassport.kz. 

60 келі салмақта сынға түсетін Нұрқанат Серікбаев 20-орыннан 12-сатыға көтерілді. Бұған спортшының Тбилисиде сәтті өнер көрсетіп, алтын медаль алғаны себеп болған.

Осылайша, 21 жастағы Нұрқанат Серікбаев олимпиадалық рейтингте алғашқы ондыққа жақындады. Егер Антальядағы Grand Slam турнирінде жүлдеге ілігетін болса, оның рейтингтегі жағдайы жақсара түспек. 

Ал Мағжан Шамшадин 23, Елдос Сметов 25-орында.

Шамшадин жарақатына байланысты ірі жарыстардан сырт қалуда. Сметов болса, өзі қатысқан турнирлерде жүлделі орынға жақындай алар емес.