Таиландтағы соңғы іріктеу турниріне баратын боксшылар спаррингпен анықталатын болды

Таиландтағы соңғы іріктеу турниріне баратын боксшылар спаррингпен анықталатын болды
Бокс

Астанада 63,5 келі салмақтағы алты боксшы Таиландтағы іріктеу турниріне қатысу үшін өзара ресми спарринг өткізеді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының  кеңесшісі Жалғас Тукешов мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz. 

Айта кетелік, Қазақстан командасы алты салмақта Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Тек қана 63,5 келіде Париж жолдамасы қазақ боксшыларына бұйырмай тұр.

Осыған орай, алты боксшы ресми түрде өзара кездесулер өткізіп, жеңіске жеткен боксшы лицензиялық турнирге барады. 

Олар:

Ертуған Зейнуллинов 

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Серік Теміржанов

Дулат Бекбауов

Жандос Қыдыралинов

Төрехан Сабырхан 

Осылайша, Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет іріктеу турниріне қатысатын боксшы көпшіліктің көз алдында таңдалмақ.