Сағындық Тоғамбай Бакуде әлем чемпионымен жұдырықтасады

Сағындық Тоғамбай Бакуде әлем чемпионымен жұдырықтасады
Бокс

Бокстан Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақ боксшысы Сағындық Тоғамбай финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол жартылай финалда ресейлік Рамазан Ханалиевті айқын басымдықпен жеңді. Финалда Сағындық Әзербайжан намысын қорғайтын кубалық боксшы, әлем чемпионы әрі Олимпиада жүлдегері  Альфонсо Лорен Домингеспен жұдырықтасады. 

86 келідегі Бекзат Таңатар турнирдің қола жүлдегері атанса, 67 келідегі Бақтияр Смағұлов бірінші айналымда өзбек боксшысы Шавкатжон Болтаевтан ұтылды.