Дзюдодан Grand Slam: Бозбаев тағы да ұтылды, Қажыбаевта қажыр жоқ

Дзюдодан Grand Slam: Бозбаев тағы да ұтылды, Қажыбаевта қажыр жоқ
Дзюдо

Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан кезекті Grand Slam додасы мәресіне жетті. Қазақстандықтар жарысты екі жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Соңғы жарыс күнінде Қазақстан сапынан екі спортшы қола медальға күресіп, жеңіліп қалды.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ислам Бозбаев кіші финалда Австрия балуанына есе жіберсе, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев Грузия спортшысына жол берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Тбилисиден бір алтын, бір қола медальмен оралады. Алтын медальді 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев иеленсе, қола жүлдені 48 келідегі Ғалия Тынбаева еншіледі.