Қазақстандық спортшы тарихи жолдамаға қол жеткізу үшін жекелей сыннан бас тартты
Семсерлесу
Фото: Сали Сабиров
22-24 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилисиде шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Әлемнің 60-тан астам елінен жиналған нояндар рейтингілік ұпай мен Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін тартысқа түспек, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бір қызығы, аталған турнирди Олимпиада лицензиясын алу үшін Эльмир Алимжанов жекелей сыннан бас тартты.
Бұл туралы мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов мәлімдеген.
«Құраманың ардагер спортшысы Эльмир Алимжанов командалық жарысқа түбегейлі дайындалу үшін жекелей сыннан бас тартып отыр. Бұл лицензияның біз үшін қаншалықты маңызды екенін осыдан-ақ аңғарсаңыздар болады. Эльмир бар күшін командалық сынға сақтап, қалпына келіп, артық күш жұмсамау үшін осындай қадамға барды. Ал қалған спортшылардың барлығы жекелей сында өнер көрсетеді», - дейді жаттықтырушы.
Айта кетелік, Тбилисидегі әлем кубогіне Қазақстаннан 12 спортшы қатысады.