Новак Джокович лаки-лузерден жеңілді

Новак Джокович лаки-лузерден жеңілді
Теннис

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Индиан-Уэллстегі Мастерс санатындағы теннис турнирінің үшінші айналымында Лука Нардиден жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Италиялық Лука Нарди әлемдік рейтингте 123-ші орында келеді. Нарди осы турнирге лаки-лузер ретінде қатысуға мүмкіндік алған. Лаки-лузер деп іріктеу кезеңінде жеңілген, бірақ қосымша көрсеткіштердің арқасында негізгі сында ойнауға мүмкіндік алған спортшыны атайды. Осылайша, атақты серб Новак Джокович өзінің кәсіби мансабында алғаш рет осындай мәртебеге ие болған қарсыласына жол берді.

"Оны үшінші сеттег керемет теннис көрсеткенімен  құттықтаймын. Мен оның ойнағанын көрдім. Жақсы қималдады. Өте талантты. Ол негізгі сынға "лаки-лузер" ретінде өтті. Сондықтан еркін ойнады. Жеңіске лайық болды. Ал менің деңгейім өте нашар болды", - деді Джокович. 

Қос қарсылас арасындағы ойын 2 сағат 20 минутқа сощылды. Қорытынды есеп 4:6, 6:3, 3:6. Келесі айналымда Нарди АҚШ теннисшісі Томми Полмен кездеседі.

Еске салайық, Индиан-Уэллстегі турнир 17 наурызда аяқаталады. Ерлер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 8,9 млн доллар. Былтыр осы турнирде испандық Карлос Алькарас топ жарған.